Zepter International Kazakhstan компаниясының Шымкенттегі өкілдігіне 30 жыл толды. Айтулы датаға орай тұтынушылар мен қонақтарға ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында келушілер компанияның эксклюзивті жоғары сапалы өнімдерімен танысты.
1986 жылы негізі қаланған Zepter International бүгінде әлемнің 40-тан астам елінде жұмыс істейтін халықаралық мультибрендтік компания. Оның Шымкенттегі өкілдігі биыл 30 жылдығын атап өтті. Осы уақыт ішінде компания салауатты өмір салтын насихаттап, өмір сапасын жақсартуға бағытталған өнімдерді өндіру және сатумен айналысып келеді.
МИЛАН ЛУКИЧ, ZEPTER INTERNATIONAL КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ ДИРЕКТОРЫ
Цептер Қазақстан жүйеде үздік үштікке кіреді. Шымкенттегі өкілдік те өте жақсы жұмыс істеп келеді. Бүгін, міне, 30 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Біздің барлық өнімдеріміз өмір сапасын жақсартуға бағытталған: таза ауа, таза су және көру сапасын жақсарту. Жаңа өнімдеріміз тұрақты түрде шығып отырады. Өндіріс орындарымыз Швейцария мен Италияда орналасқан.
Ашық есік күні барысында келушілер Zepter компаниясының негізгі бағыттары мен технологияларымен танысты. Атап айтқанда, TherapyAir ауа тазарту жүйесі, AqueenaEvo су тазарту жүйесі, BIOPTRON жарық терапиясы және Hyperlight Optics көру сапасын жақсартуға арналған инновациялық көзілдіріктер ұсынылды.
ЭЛЬМИРА ИТҚҰЛОВА, ZEPTER KAZAKHSTAN КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ САУДА ДИРЕКТОРЫ
Менің осы компанияда жұмыс істеп жатқаныма 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде тұтынушылардың жоғары сенімі қалыптасты. Біздің өнімдерімізге сұраныс жоғары, себебі олар денсаулыққа бағытталған. Zepter өнімдері өмірдің барлық саласын қамтиды. Компания жылдан-жылға дамып келеді.
Шара аясында Zepter Club жүйесіне ерекше назар аударылды. Бұл клуб мүшелеріне өнімді сатып алу, іс-шараларға қатысу және арнайы бағдарламаларға қол жеткізу мүмкіндігін береді. Ашық есік күні мерекелік бағдарлама және лотерея ойынымен жалғасты. Сондай-ақ келушілерге компания тарапынан естелік сыйлықтар табысталды.