Шымкенттен қасиетті қажылық сапарына аттанған алғашқы топты арнайы шығарып салу рәсімі өтті. Ұлық сапар алдында жамағатқа ақ жол тіленіп, рухани насихат айтылды.
Шара Құран аяттарын оқумен басталды. Имамдар қажылық ғибадатының маңызы туралы айтып, жамағатқа рухани уағыз-насихат жүргізді. Сонымен қатар, сапар барысында сақталуы тиіс талаптар мен қажетті мәліметтер түсіндірілді.
Шымкенттік қажылар қасиетті сапарға арнайы тур компаниялар арқылы жолға шықты. 166 азамат «Эйр Астана» әуе компаниясының рейсімен Шымкенттен Медина қаласына аттанды. Жамағат қажыларға ақ тілегін айтып, ақыл-кеңесімен бөлісті. Сонымен қатар, шара барысында қажылық сапарының сәтті өтуіне жағдай жасаған Діни басқарма өкілдеріне алғыс айтылып, қажы ақсақалдар ізгі тілектерін жеткізді.
Айта кетейік, биыл қазақстандық қажылар Астана, Алматы, Ақтау және Шымкент қалаларынан тікелей рейстер арқылы аттануға мүмкіндік алды. Жалпы 4 мыңға жуық азамат қажылық парызын өтеп, мамыр айының соңында елге оралады.