«Қазақстан» РТРК» АҚ Шымкент қаласындағы филиалы «Оңтүстік» телеарнасы директорының орынбасары – бас редактор тағайындалды. Бұл лауазымға Пернебек Төрекелдіұлы Біләлбеков лайық деп танылды.


 Пернебек Төрекелдіұлы 1978 жылы 18 шілдеде Арыс қаласы Қабылсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қарағанды экономикалық университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан Ашық университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Арыс қаласындағы «Арыс толқындары» газетінде диктор-журналист, редактор ретінде бастаған. Осы жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Арыс қаласындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып, кейін Шымкент қаласындағы бас ғимараттың жаңалықтар бөлімінде тілші болып, түрлі бағдарламаларға редакторлық қызмет атқарды. 2009–2013 жылдары ҰҚК баспасөз қызметінде жұмыс істеген. 2013 жылдан бастап республикалық арналарда еңбек етіп келеді. «Астана» арнасында редактор, «7 Арна» «Нысана» бағдарламасының жетекшісі, «Еуразия 1» арнасындағы мемлекеттік тілдегі ақпараттық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы қызметін атқарған.