Түркістан облысында инвестициялық серпін жоғары. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров қытайлық инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды талқылады. Өңірде кәсіп ашуға барлық қолайлы жағдай жасалған.
Кездесуде облыстың экономикалық мүмкіндіктері, оның ішінде «TURAN» арнайы экономикалық аймағының жеңілдіктері таныстырылды. Аспан асты елінен келген кәсіпкерлер Түркістанда тоқыма өнеркәсібін дамытуға қадам басып отыр. Олар мата тоқу, киім тігу және медициналық қорғаныс бұйымдарын шығаратын ірі жобаларды жүзеге асыруға дайын. Егер бұл өндіріс іске қосылса, аймақта 700 жаңа жұмыс орны ашылады.