Мемлекет басшысының жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру –ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет». Бұл орталық сол тапсырманың жүзеге асуына оң ықпал етеді.
Асхат Сейдулла - Кентау қаласы әкімдігі аппаратының ақпараттындыру және мемлекеттік қызмет көрсету  мониторинг бөлімінің бас инспекторы
(Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында елдегі әр қалада байланыс орталығын құру туралы айтқан болатын. Кентау қаласындада қала әкімі Дәрен Сәбитұлының қолдауымен 109 байланыс орталығы іске қосылды. Орталыққа кез-келген телефоннан қоңырау шалып, болмаса әлеуметтік желі парақшалары арқылы ө арыз-шағымдарын қалдыра алады. Қоңырау шалу тегін. Мәлімет қабылданған соң шағым тиісті сала мамандарына хабарланып, бақылауға алынады. Жауап беру лездігі 15 күннен 30 күнге дейінгі аралықта. Бүгінде орталыққа 497 өтініш қабылданып, 456 өтініш толықтай орындалды.)

Кентаулықтар арыз-шағымдары мен ұсыныс, пікірлерін қабылдайтын, байланыс орталығы арқылы жеткізе алады. Сонымен қатар дер кезінде кері байланыс орнатылып сұрағына  жауап беріледі. Қабылданған өтініш иелерін тіркеуге алып, заң аясында жауаптары белгіленген уақыт ішінде беріліп отырады. Енді Кентау қаласының тұрғындары үйін де отырып-ақ ұялы телефонның кез-келген байланыс ақпаратымен 109 теріп тегін қоңырау шала алады.
Тұрар Омаров – Кентау қаласының тұрғыны
(Менің 109 байланыс орталығына көңілім толады. Мұнда мамандар жүйелі түрде жауап беріп, мәселенің тез шешілуіне ықпал етеді. Мен өзімде қала тұрғыны ретінде бірнеше рет осы орталықтың жұмысына жүгіндім. Мәселем тез арада шешілді.)

Бірыңғай байланыс орталығының операторлары тұрғындардан өтінімдерді мына байланыс арналары арқылы қабылдайды: Қалалық және мобильді телефондардан 109 бірыңғай нөмеріне қоңырау шалады.  What’s App: 8 775344 8685 желісі арқылы. Instagram: ikomek_kentau парақшасы арқылы Facebook: «Біріңғай байланыс орталығы» парақшасына.