ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифингте ауыл шаруашылығы саласындағы тың жобалармен бөлісті. Жыл басынан бері 805,3 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 128,7 млрд. теңгеге артты. Ауыл шаруашылығы дақылдары 842,4 мың га егілген.
Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі
3 МЫҢ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
Сондай-ақ, облыс басшысы өңірдегі тұрғын үй саласына да тоқталды. Биыл бюджет есебінен Түркістан қаласында 42 тұрғын үй құрылысын тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде 3 мыңға жуық пәтер беріледі. Оның ішінде 600-дей көп балалы, аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік осал отбасылар баспанамен қамтылады.
Перизат Ортай