Жаңа Конституция – елдің саяси және қоғамдық дамуына серпін берген маңызды құжат. Ата заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, білім мен ғылымды дамытуға, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа нормалар енгізілді. Бұл өзгерістер қоғамның бүгінгі сұранысына жауап беріп, елдің тұрақты дамуына негіз қалайды. Тұрғындар да конституциялық жаңашылдықтардың ел болашағы үшін маңызды екенін айтады.
«Білім мен жастарға ерекше көңіл бөлінгені қуантады. Жастар білімді болса, еліміздің де болашағы жарқын болады.»
«Қолданыстағы заң еліміздің экономикалық және демократиялық дамуына оң ықпал етеді деп сенемін.»
«Құрылтай құру деген шешімге келісемін.Бұл бұрыннан келе жатқан нәрсе ғой.Яғни елдегі мәселелерді қозғап, болашақты құрып отыратын құрылтайдың болғаны жақсы.Аты да қандай жақсы.»
«Жаңа Конституцияның қабылдануы-дұрыс шешім деп ойлаймын. Жеке басты қорғау мәселесіне мұнда баса мән берілген.Құрылтай деген басқару жүйесі біздің жаңа Қазақстанға тиімді деп ойлаймын.»