Енді елдегі ақылы автожолдарда көліктің орташа жылдамдығы бақыланады. Жаңа жүйе 10 шілдеден бастап республикалық маңызы бар ақылы жолдардың бірқатар учаскесінде іске қосылады.
Бұл жаңашылдықты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы енгізіп отыр. Орташа жылдамдық көліктің ақылы жолдың бір нүктесінен екінші нүктесіне дейінгі жүріп өткен уақыты арқылы есептеледі. Егер жүргізуші белгіленген жылдамдық шегінен асып кетсе, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Бұл өзгеріс жүргізушілердің тек камера тұрған тұста емес, жол бойында жылдамдық режимін сақтауына ықпал етеді. Бұл арқылы жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру көзделіп отыр.