Түркістан облысында жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 30 мыңнан астам дерегі тіркелді. Оның ішінде 22 жүргізушінің жолдың қарсы бағытына шыққаны анықталды.
Өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тәулік бойы үздіксіз жүргізілуде. Полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйелері арқылы құқық бұзушылықтар дер кезінде анықталып, полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдауда.
ҚУАНЫШ ҚОЗЫКЕЕВ, ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйелері мен патрульдік полиция жасақтары тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаратынын еске салады. Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік – әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі.
БЕЙНЕКАМЕРА 30 МЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ