Жаңа Конституция – елдің саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуының берік негізін қалыптастыратын маңызды құжат. Ата заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі қағидаттары, ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау бағытындағы басты нормалар айқындалған. Конституциядағы өзгерістер қоғамдағы құқықтық жүйені жетілдіру мен мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне бағытталған. Бұл ретте Шымкенттік тұрғындар да Ата заңдағы жаңашылдықтардың елдің дамуына оң әсер ететінін атап өтіп, Конституцияның маңызы жайлы өз ойларын білдірді.
Президенттің «Біз бір халықпыз, бірақ әртүрліміз» деген сөзі бар.Бізде әр адамның өмір сүруге, жұмыс істеуге, табыс табуға, еңбек етуге мүмкіндігі бар. Яғни бұл Ата Заң осыны басты назарға алады.
Бұл Заңда мына бөлік маған қатты ұнады.Енді құрылтай құрылады, бір палаталы парламентке көштік.Енді жаңа Қазақстанда жаңа жүйе орнайды деп сенеміз.
Заңдағы өзгерістер тек халық үшін ғой.Жаңа өзгерістер елге тек жақсылық әкеледі деп ойлаймын.
Заңдағы жасанды интеллект қазір кеңінен таралып жатыр.Яғни қаншама адамның жұмысын жеңілдетіп жатыр.
Таза Қазақстан,экологиялық мәдениетті сақтау жайына Заңда көбірек мән берілген.Яғни тазалық өзімізден басталатын ұмытау керек.