Түркістан қаласында алғаш рет ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі юниор ұлдар мен юниор қыздар арасындағы ҚР жеке-командалық чемпионаты басталды. 11 шілдеге дейін жалғасатын жарыстың бүгін ресми ашылу салтанаты өтті. Дүбірлі додаға еліміздің 13 өңірінен спортшылар қатысып жатыр.

ЕРТАЙ АЛТАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осы айтулы додаға елміздің барлық өңірінен 300-ге жуық жас спортшы қатысуда. Бұл бәсекенің жоғары деңгейін көрсетеді. Ауыр атлетика нағыз темірдей төзімділікті, қайтпас мінезді талап ететін хас батырлардың спорты. Бұл спортта әрбір көтерілген зілтемір жігердің, қайсарлықтың, ел намысының көрінісі.

Ауыр атлеттер сайысында Түркістан облысынан 9 ұл және 4 қыз бақ сынайды. Бәсекенің қазіргі нәтижесі бойынша Түркістан құрама командасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде бар.

ЖАНАСЫЛ АРАПБАЙ, СПОРТШЫ
Осы жарыс мен үшін үлкен баспалдақ болды. Қазақстан чемпионы болдым. Қарсыластарым өте мықты болды. Жұлқа көтеруден мықты болды, мен серпе көтеруден жеңіп кеттім.