15 наурыз күні республикалық референдум өтіп, қазақстандықтар өз таңдауын жасады. Халық қолдап, мақұлдаған Ата Заң өткен аптада өз күшіне енді. Негізгі өзгерістердің бірі – 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуы. Қолданыстағы Конституцияның 9 бөлімі мен 77 бабына түзетулер мен өзгерістер енгізілді. Бұл құжаттың шамамен 84 пайызының жаңарғанын білдіреді. Ауқымды өзгерістерге халықтың пікірі мен ел азаматтарының ұсыныстары негіз болды.
Конституцияға енгізілген өзгерістер елдің одан әрі дамуына және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Осыған орай М. Әуезов атындағы университетте дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға студенттер мен оқытушылар қатысып, Ата Заңға енгізілген өзгерістер жөнінде пікір алмасты.
АЙСАНА СМАН, ОҚЫТУШЫ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ
Осы жерде Конституция туралы талқылау үшін басымыз қосылып отыр.» – 00:47 00:58 – «Жаңа Ата Заңның негізі мен болашағы қандай болады деген мәселені талқылап отырмыз.
Ата Заңға өзгерістер енгізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында көтерді. Осыдан кейін парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Азаматтар мен сарапшылардан 10 мыңнан астам ұсыныс түсті. Жаңа құжат 11 бөлім мен 96 баптан тұрады. Оның 30-ға жуық бабы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған.
САБИНА ҚАЙРАТҚЫЗЫ, СТУДЕНТ
Әрбір азамат өз Ата Заңын білгені дұрыс деп есептеймін. Дауыс берер алдында онымен алдын ала танысып, толық оқып шықтық.
Заман талабына сай жаңа нормалар Конституцияға енгізілді. Атап айтқанда, азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы бекітілді. Дін мен мемлекеттің арақатынасы нақтыланды. Сондай-ақ адвокаттық қызмет туралы арнайы бап алғаш рет енгізілді. Мызғымас құндылықтар ретінде Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі, унитарлығы және аумақтық тұтастығы айқындалды. Ал мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде адами капиталды, ғылым мен инновацияны дамыту басымдыққа ие болды.