Қазақстан бензин, дизель отыны мен өзге де мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға қойылған уақытша шектеуді тағы 6 айға ұзартуды жоспарлап отыр.


Энергетика министрлігінің жобасы бойынша шектеу 22 қарашадан бастап келесі жылдың 22 мамырына дейін қолданылмақ. Тыйым Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге жеткізілетін мұнай өнімдеріне де қатысты болады. 2027 жылдың алғашқы жарты жылдығында одақ аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттар, авиациялық керосин, дизель отыны, газойль, толуол, ксилол және мұнай битумын экспорттауға шектеу енгізу жоспарда. Алайда гуманитарлық көмек ретінде жеткізілетін өнімдер мен Үкімет шешімімен жүзеге асырылатын экспорттық операцияларға бұл талаптар қолданылмайды. Сондай-ақ, енді жанармай өнімдерін көрші елдерге заңсыз тасымалдау фактілерінің көбеюіне байланысты шекарадағы бақылау да күшейтілмек.