Түркістандықтар көшедегі қоқыс, жарық шамы мен абаттандыруға қатысты мәселені TazaQazBot қосымшасы арқылы хабарлап жүр. Бүгінге дейін бұл жүйеге 1119 өтініш түсіп, олардың басым бөлігі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде тазалық пен көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Жыл басынан бері 3 мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, акцияға 355 мыңнан астам тұрғын қатысты. Науқанға 1222 арнайы техника жұмылдырылып, 379 тонна қоқыс шығарылды. Өңірде ағаш егу жұмыстары да жалғасуда. Биыл өңірге 1 миллионнан астам көшет отырғызу жоспарланған. Көктемде оның 332 мыңы егілсе, инвесторлардың қолдауымен тағы 1 миллионнан астам ағаш отырғызу көзделіп отыр. Ал тазалық талаптарын сақтамағандарға заң аясында шара қолданылады. Жыл басынан бері мұндай құқықбұзушыларға жалпы сомасы 131 миллион теңгені құрайтын айыппұл салынды.