Көпқабатты үйлердің ауласындағы орынды заңсыз меншіктеу аяқталды. Елімізде жаңартылған абаттандырудың үлгілік қағидалары күшіне енді.

Жаңа ережеге сай ауладағы тұрақ орындарын шынжырлап, құлыппен бекітіп, түрлі құрылғылармен қоршауға толық тыйым салынады. Енді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 136-бабы бойынша ортақ пайдаланылатын жерді өз бетімен иеленіп алғандарға 324 375 теңге айыппұл салынып, бөгет бұзылып алынады.