Заманауи онкохирургияның жаңа белесі! Қалалық онкологиялық орталығында «асқазан-ішек жолы мен кіші жамбас ағзаларының заманауи аз инвазивті онкохирургиясы» атты шеберлік сабағы өтті. Жергілікті дәрігерлерге аз инвазивті технологиялар көрсетіліп, оннан астам ота сәтті орындалды.
Қалалық онкологиялық орталығында «Асқазан-ішек жолы мен кіші жамбас ағзаларының заманауи аз инвазивті онкохирургиясы» атты шеберлік сабағы хирургтер, онкологтар, урологтар, гинекологтар және сабақтас мамандықтардың дәрігерлері арасында тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң болды. Шеберлік сабағының сарапшысы - Жаугашев Александр Ералиевич. Ол, аз инвазивті онкохирургиялық күрделі операцияларды орындауда мол тәжірибесі бар жоғары білікті маман, Мәскеу қаласындағы клиникалар желісінің бас хирургі.
АЛЕКСАНДР ЖАУГАШЕВ, ХИРУРГ
Ең үлкен, заманауи хирургия бұл аз инвазивті оталар. Яғни, тілу арқылы емес, кішкентай тесіктер арқылы жасалды. Осы әдісті қалалық онкологиялық орталығына енгізуді көздеп отырмыз. Орталықтың материалдық-техникалық базасы өте кең, қазір біз жасаған оталардың бүкіл Қазақстанның хирургтары онлайн көріп отыр.
Екі күнге жоспарланған білім беру шарасы барысында жергілікті дәрігерлерге онкохирургияда қолданылатын заманауи аз инвазивті технологиялар көрсетіліп, оннан астам операциялар орындалады. Ел бойынша басқа хирургтар ота барысын онлайн бақылады.
АҚҚАЛИ МАЙМАҚОВ, БАС ОНКОЛОГ
Бұл шеберлік мектебінің ерекшелігі – біз заманауи тәсілмен ота жасаймыз. Лапораскопиялық әдіспен, ол дегеніміз бұрынғыдай органға жету үшін ішті ашпай, тесіктер арқылы кіріп, ота жасалынады. Бұл оталар бұрындары шетелдерде жасалатын, қазір енді бізде де жасалып жатыр. Науқасқа бұның жақсы жағы, науқас екінші күні орнынан тұрып, жүре береді. Су, тамағын ішуге өте қолайлы.
Жақын арада осындай технологияларды Шымкент қалалық онкологиялық орталығында күнделікті тәжірибеге енгізу көптеген науқастарға ауыр оталардан аулақ болып, тезірек қалпына келуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және елде онкологиялық көмектің сапасын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.