Түркістан облысында биыл мың шақырымнан астам жол жаңарып жатыр. Қазір өңірде жалпы ұзындығы 1138 шақырымды құрайтын 224 жол нысанында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін оның 445 шақырымы пайдалануға беріледі.


Автомобиль жолдары саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар облыс әкімінің аппарат мәжілісінде қаралды. Жиында өңір басшысы Нұралхан Көшеров жол құрылысының сапасын бақылауда ұстауды тапсырып, мердігер ұйымдардың жауапкершілігін күшейтуді міндеттеді. Сондай-ақ аудан, қала әкімдеріне құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтау, жол бойындағы сервистік нысандарды талапқа сәйкестендіру жөнінде тапсырмалар берілді.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Аудан, қала әкімдеріне жол құрылысы нысандарындағы жұмыстарды жедел бастауды, мердігерлердің жауапкершілігін күшейтіп, сапасыз орындалған жұмыстар бойынша заң аясында шара қолдану, жол бойындағы сервистік орталықтар мен санитарлық-гигиеналық тораптарды талапқа сай келтіру, жолдарды күтіп ұстауды, қысқы маусымға дайындау жұмыстарын жүйелеуді тапсырамын.


Бүгінде Түркістан облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 мың шақырымнан асады. Алайда, республикалық маңызы бар жолдардың 95 пайызы, ал жергілікті жолдардың 94,8 пайызы әлі де жөндеуді талап етеді.


ҚУАТЖАН ЖҰМАТАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жыл басынан бері арнайы зертханалар 532 сынама алып, талапқа сәйкес келмеген материалдар бойынша мердігерлерге 10 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен бірге мердігер ұйымдар өз қаражаты есебінен 15 мың шаршы метр немесе 119,4 млн теңгенің асфальт жабынын қайта төседі.


Жол сапасына бақылау да күшейтілген. Жыл басынан бері арнайы зертханалар 532 сынама алып, талапқа сай келмеген жұмыстар үшін мердігерлерге 10 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Салдарынан құрылыс компаниялары өз қаражаты есебінен 15 мың шаршы метрден астам асфальт жабынын қайта төсеген.


ЕРБОЛ ПІРІМБЕТОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінде Түркістан облысы аумағындағы республикалық жолдардың жалпы ұзындығы 678 шақырымды құрайды. Биыл жалпы ұзындығы 128 шақырым болатын 6 нысанда орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 2026 жылы ұзындығы 104 шақырым болатын «Самара – Шымкент» халықаралық автодәлізінің екі учаскесіне орташа жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланған.


Республикалық маңызы бар жолдарда да жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биыл 128 шақырым жол жөнделсе, келесі жылы «Самара – Шымкент» халықаралық автодәлізінің 104 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары басталады. Сонымен қатар жолдардың сапасын бақылау үшін автоматты өлшеу станцияларын да орнату жоспарланған.