Қазақстандық астыққа сұраныс артып келеді. Соңғы он айда еліміз шетелге 13 миллион тоннадан астам астық пен ұн экспорттап, өткен кезеңнің көрсеткішінен айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетті.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың маусымы аралығында экспорт көлемі 13,1 миллион тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға көп. Көрсеткіштің өсуіне Орталық Азия елдері мен Ауғанстан тарапынан сұраныстың артуы себеп болып отыр.Әсіресе, Өзбекстанға жөнелтілетін астық көлемі 5,5 миллион тоннаға жетіп, 38 пайыға артқан. Қырғызстанға жеткізілім 1,4 есеге өссе, Ауғанстанға экспорт бір жыл ішінде 59 пайызға ұлғайып, 2,2 миллион тоннаны құрады. Бұл көрсеткіштер елдің экспорттық әлеуетінің нығайып келе жатқанын аңғартады.