Көрші Өзбекстанмен байланыстыратын «Жібек жолы» кеден бекеті биыл пайдалануға беріледі. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен өңірге іс-сапармен келген Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев бекеттегі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Нысанды аралап, құрылыстың сапасы мен қарқынын қадағалады. Құрылыс жұмыстарына 11,6 млрд теңге жұмсалған кеден Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы барыс-келісті артыра түспек. Алты жолақты бекет тәулігіне 70 мың адамды, 2 мың автокөлікті және 200 автобусты өткізе алады. Заманауи, халықаралық талаптарға сай салынған ғимараттар азаматтарға қолайлы әрі сапалы қызмет көрсетеді. Бүгінде инженерлік инфрақұрылым толық аяқталып, сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланған.

АСҚАР АЙНАМҚҰЛОВ, «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ БАСШЫСЫ
Тамыз айында іске қосылады деген ойдамыз. Ғимараттың шаршы метрі үлкейтілген.