Жолаушыларға жайлы жағдай жасап, қызмет сапасын арттыру. Сарыағаш теміржол вокзалы жаңа келбетке ие болмақ. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапары барысында нысандағы қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі таңда күрделі жөндеудің жартысы аяқталған.
Жаңғыртудан кейін вокзал бұрынғыдан кеңейіп, заманауи талаптарға сай жаңарады. Ғимараттың жалпы аумағы 449 шаршы метрден 558 шаршы метрге дейін ұлғайып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады. Тәулігіне 155 адамға қызмет көрсететін теміржол вокзалы бес жұп пойызды қабылдай алады. Өңір басшысы құрылыс алаңын аралап, жұмыстың сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударды. Мердігерлерге құрылысты белгіленген уақытта аяқтап, нысанды биылғы тамыз айының соңына дейін пайдалануға беру тапсырылды. Жаңартылған вокзал жолаушылар легін қабылдау мүмкіндігін арттырып, көрсетілетін қызметтің сапасын жаңа деңгейге көтермек.
ҒАЛЫМЖАН ҚАЙНАЗАР, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІРЖОЛЫ» АҚ ВОКЗАЛДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ
Бұрынғыға қарағанда вокзал аумағы айтарлықтай ұлғайды.