Тұрғын үй кезегінде тұрған 30 отбасы баспаналы болды. Жалпы, жыл басынан бері 2 400 шымкенттік қоныс тойын атап өтті. Жыл соңына дейін тағы 4 000 азаматқа пәтер кілті табысталады.

Қарлығаш Омарова тұрғын үй кезегіне 2017 жылы тіркелген. Осыған дейін пәтер жалдап келген отбасының бүгін көптен күткен арманы орындалып, бір бөлмелі пәтерге қол жеткізді.

ҚАРЛЫҒАШ ОМАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Арманымыз орындалып, баспаналы болып жатырмыз. Қала әкімдігіне рақмет!» - 00:18, 00:23 – «Осы аралықта біз пәтер жалдап тұрдық.

Баспана кілтін қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов табыстады. Пәтерлер 2 және 5 пайыздық жеңілдетілген несие негізінде берілді.

КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
2 пайызбен кімдер алады? 1-2 топ мүгедектігі бар азаматтар, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер, мүгедек бала асыраушылар алады. Қалған санат азаматтарына 5 пайызбен беріледі.


Баспаналар Бозарық шағын ауданынан берілді. Тұрғын үй басқармасы жыл соңына дейін тағы 4 мың пәтердің баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілетінін айтады.