Түркістан облысында тағы бір ірі инвестициялық жоба жүзеге асуы мүмкін. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Қытайдан келген инвесторлармен кездесіп, аймақтың инвестициялық әлеуеті мен бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

НАЛО: Кездесу барысында облыстың инвестициялық мүмкіндіктері, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың артықшылықтары, тиімді логистикалық орналасуы және инвесторларға ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Қытайлық кәсіпкерлер Түркістан облысында құрылыс хабын қалыптастыруға қызығушылық білдіріп, құрылыс материалдары мен сантехникалық өнімдер өндіретін заманауи кәсіпорындар ашу жоспарын ұсынды. Бұл жобалар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, импортты алмастыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасының дамуына серпін береді. Кездесу қорытындысында тараптар ұсынылған бастамаларды жан-жақты зерделеп, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытындағы келіссөздерді жалғастыруға келісті.