Түркістан облысында су тапшылығын азайтып, егістік алқаптарын сумен қамтитын ірі жобаның бірі аяқталуға жақын. Бәйдібек ауданында салынып жатқан «Бәйдібек ата» су қоймасы жақын күндері пайдалануға беріледі.


Жобаның жалпы құны – 15,7 миллиард теңге. Су қоймасы 680 гектар аумақты алып жатыр, ал сыйымдылығы 67 миллион текше метрді құрайды. Нысан Бөген өзенінен келетін сумен толығады. Жоба іске қосылғаннан кейін 9 мың 700 гектар суармалы жер тұрақты ағын сумен қамтамасыз етіледі. Жаңа су қоймасы ауыл шаруашылығының дамуына да серпін бермек. Облыс әкімі ауданға жұмыс сапары барысында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысымен танысып, жауапты сала өкілдеріне бірқатар тапсырма жүктеді.