Қазығұрт ауданындағы Үшбастау ауылы ішімдік сатудан да, тұтынудан да түбегейлі бас тартқан. Соның нәтижесінде мұнда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық қорғау органдарының өкілдері мен ауыл ақсақалдары жастармен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Қажет болса, тентегін тезге салып, жөнге шақырады. Аядай ғана ауылдағы ауызбіршілік пен ынтымақ бүгінде көпшілікке үлгі. Тақырыпты тілші жалғастырады.
Үшбастау ауылы Жаңабазар ауылдық округінің кіреберісінде орналасқан. Табиғаты көркем, берекесі бекем ауылдың тұрғындары бірлігімен ерекшеленеді. Батагөй қариялар мен аға буын өкілдері жастарға ақыл-кеңесін айтып, тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Тентегін тезге салып, тура жолға бастайды.
ҚЫРЫҚБАЙ ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ, АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ
Балдарға айтқаның сол жақсы сөзің жақсы тілегің жақсы жұмыстарың сол қарияның міндеті. Үлгілі болу үшін бірінші өзіңнен бастауың керек. Өзің ұлға да халыққа да қызға да сыйлы болуың керек. Сөзің силы болса Ел сыйлайды. /
Ауылдағы екі бірдей дүкен иесі алкоголь өнімдерін сатудан өз еріктерімен бас тартқан. Айтуларынша, ішімдік сатпағанымен, сауданың берекесі кеткен жоқ. Керісінше, тұрғындардың сенімі артып, береке еселенген.
ҚАРАКӨЗ АҒАТАЕВА, ДҮКЕН САТУШЫСЫ
Біз өз еркімізбен ішімдік ішуден бас тарттық. Шүкір саудамыз жақсы. Бірақ біз өз еркімізбен ашылғалы ішімдік сатпайымыз деп шештік. Шүкір үлгілі ауыл атандық. Халыққа көмектесу үшін нан таратамыз. Бізге қайта басқа жағынан берекелді болды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ауыл ақсақалдары жастармен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ жасөспірімдердің беймезгіл уақытта көшеде жүруіне жол бермеу мақсатында профилактикалық бақылау күшейтілген.
БАҚЫТЖАН БАЙМАҒАНБЕТОВ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ішімдіктен бас тарту нәтижесінде қазіғұрт ауд статистика мәліметі бойынша тіркелген қылмыстар саны 13,7 пайызға азайған 23 тен 63 пайызға .Сонымен бірге бұзақылық қылмыстар мүлдем орын алмаған. Бұл бастама құқық бұзушылықтардыңалдын алуға жастарды тәрбиелеуге және ауылдағы бірлікті нығайтуға оң әсерін тигізеді. Мұндай игі бастама басқа елді мекендерге үлгі болады деп сенеміз.
Ауылдың инфрақұрылымы да жылдан-жылға жақсарып келеді. Тұрғындар көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Ауызсу, электр жарығы және жол мәселесі де толық шешімін тапқан. Елдің ауызбірлігі мен ұйымшылдығының арқасында Үшбастау бүгінде көпке үлгі болатын елді мекендердің біріне айналды.
АСҚАР АҚЖОЛОВ, ЖАҢАБАЗАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Үшбастау үлгілі елді мекен санатына енді. Соған ену үшін ауыл округ әлеу жэкном абаттандыру жағынан талаптарға сәйкес келу керек. Сол талапқа сәйкес абаттандыру кіргенне күл-қоқы шығарылып инфрапқұрылым жасқапрту бойынша барлық көш асфалттанған. Әлеуметтік нысан заман талабына сай. Мектеп балабақша, т.б Жұмыс өзі ауыл ынтымағы бар жерде болады.
Үшбастаудың жастары да белсенді. Олар спортпен шұғылданып, қоғамдық жұмыстарға атсалысып, үлкендердің сенімді қолғанатына айналған. Ауыл тұрғындары көктем мен күз мезгілдерінде жаппай ағаш отырғызып, айналаны көгалдандыруға үлес қосады. Бүгінде жасыл желекке көмкерілген Үшбастау ауылы ауызбірлігімен, татулығымен және тәртібімен өзгелерге үлгі болып отыр.