Енді елде мемлекет есебінен жалдау ақысының бір бөлігі өтелетін тұрғын үйлерге бақылау жүргізіле бастайды. 12 шілдеден бастап әкімдіктер арнайы мониторинг жұмыстарын қолға алмақ.


Тексеру кезінде мамандар тұрғын үйді жалға алған азаматтардың сол мекенжайда нақты тұрып жатқанын анықтайды. Егер пәтерде субсидия алушыдан өзге адамдардың тұратыны белгілі болса, мемлекеттік қолдау шарасы бірден тоқтатылады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұл талап барлық жалдамалы пәтерлерге қатысты емес. Бақылау тек жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет өтейтін тұрғын үйлерге жүргізіледі