Түркістанда журналисттің жұмыс орнының алдында тұрған көлігін белгісіз біреу айдап кеткен. Жәбірленушінің арызынан кейін полицейлер оқиға орнына барып, бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият зерделеген.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті көп ұзамай анықталып, ұсталды. Ол - Түркістан қаласының жұмыссыз тұрғыны екені белгілі болды. Ұрланған автокөлік айғақты зат ретінде тәркіленіп, арнайы айып тұрағына қойылды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.