Бүгін – Ветеринария қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мал саулығын сақтап, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринар мамандар адам мен жануарға ортақ қауіпті аурулардың алдын алып, таралуына жол бермейді. Олардың жанкешті еңбегі ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына, мал өнімдерінің сапасын арттыруға және халық денсаулығын қорғауға зор үлес қосып келеді.
Ветеринар тек қора-қопсы маңында еңбек ететін маман емес. Олар зертханаларда түрлі зерттеулер жүргізіп, жұқпалы ауруларды анықтап, індеттің алдын алу бағытында жұмыс істейді. Заманауи технологиялардың көмегімен мал өнімдерінің қауіпсіздігіне де тұрақты бақылау жүргізеді.
ТЕМІРХАН ЕЛШІБАЕВ, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА» РМК БАС ДИРЕКТОРЫ
Түрлі зерттеулерді жүргіземіз. Бүкіл өнімді халыққа қауіпсіз етуге тырысамыз.
АСҚАР ҚАЛТАЕВ, ҚР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА» РМК ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің мамандарды шетелге оқуға жіберіп жатыр. Заманауи технологияларды меңгеру үшін.» – 00:43 02:00 – «Біздің мекемеде 245 адам жұмыс істейді. Аудандарда филиалдарымыз да бар.
Ветеринарлар жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алып, індеттің таралуына тосқауыл қояды. Сонымен қатар азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін бақылап, халық денсаулығын қорғауға өз үлестерін қосып келеді. Кәсіби мереке аясында салаға сүбелі үлес қосқан мамандар марапатталып, кеуделеріне төсбелгілер тағылды.
АЛТЫНБАЛА КҮЛТАЕВА, ВЕТЕРИНАР
20 жылдан аса осы салада еңбек еттік. Бүгін еңбегіміз еленіп отыр. Қуаныштымын. Рақмет!
Ветеринария қызметкерлерінің адал еңбегі – мал саулығының, азық-түлік қауіпсіздігінің және елдің эпизоотиялық тұрақтылығының берік кепілі. Олар күн сайын халық денсаулығы мен ауыл шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келеді.