Шардара аудандық орталық ауруханасына 15-қараша күні 180 доза Файзер вакцинасы жеткізілген болатын. Мамандардың айтуынша, алғашқы күннің өзінде 20 балаға екпе салынып үлгерген. Ал, жүкті әйелдердің 26 сы өз қалауымен екпе қабылдаған.

Абдумəлік Бауыржан - Шардара аудандық орталық аурухана басшысының міндетін атқарушысы

Короновирусқа қарсы салынып жатқан вакцина ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсатымен ғана егіледі. Сондай-ақ, балаларға вакцина салу жүйесі бойынша алдын ала мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне ұстаздар қауымы ақ халаттылармен бірлесе отырып, ата - аналар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Құралай Көбелекова - Шардара аудандық орталық аурухана бас дəрігерінің орынбасары

Жалпы жыл басынан бері аудан бойынша 41 621  адамға вакцина егілсе, оның 38 925-і екі компонентін алып үлгерген. Қалған 2 696 адам осы айдың аяғына дейін алып үлгереді,- дейді ақ халаттылар.

 

Перизат Ортай