КЕНТАУ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ БӨЛЕНУДЕ
Кенді қала Кентау да өзінің тамаша жасыл белдеуімен басқа қалалардан ерекшеленіп тұрады. Ағымдағы жылы қаланың абаттандырылуына ерекше көңіл бөлініп, түрлі тал көшеттері отырғызылды. Бұл үрдіс әліде жалғасын табуда. « Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» - деген ұранмен Кентаулықтар табиғаттың көгеруіне барынша көңіл бөлуде. Табиғаттың жасылдануы адамзаттың денсаулығына орасан пайда әкеледі. Көліктерден шығатын шаң – тозаңдарды өз бойына жұтып, адамдардың таза ауамен тыныстауын қамтамасыз ететін жасыл желектердің адам өміріндегі орны ерекше,-дейді игі іске мұрындық болғандар.
Сырым Серікбайұлы – «Жасыл Кентау» ЖШС-і директорының орынбасары
Г. Оңласбекова