Қаладағы қоймалардың бірінде көлеңкелі бизнестің көрігін қыздырғандар департамент қызметкерлері ұйымдастырған жедел операциясы кезінде қолға түскен. Тексеру кезінде мамандар 40-тан астам арақ-шарап түрлерін, 60 мыңнан астам бөтелке тәркілеген. Осылайша 25 млн. теңгенің залалын келтірген келіншек заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан үшін 1 жылға бас бостандығынан шектелді. Тергеу кезінде пысықайдың заңсыз өнімдерді «Дос-Ай-7» ЖШС-нің басшысы азамат Алжановтан алып отырғаны да әшкере болды.
Жұпар Мамытова Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі : 3/07-30
Жедел-іздестіру шаралары кезінде жыл басынан 12 жасырын цехтің жолы кесілген. Этил спирті мен алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымы бойынша мемлекетке жалпы 11 млн. теңгеден астам залал келтіріліпті. Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымынан тек мемлекетке ғана залал келмейді, оларды тұтыну адам ағзасына да зиянды, дейді мамандар.
Жұпар Мамытова Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі
Айта кетейік, қалада былтыр 200 адам алкагольден уланса, , биыл олардың саны 40 адамға көбейіпті. Құзырлылар көлеңкелі бизнеспен айналысатындар көбіне отандық маркаларды пайдаланын айтады.
Автор:М.Рысбаева