Қаланың Бас прокуроры мен Полиция департаментінің бастығы қаладағы жағдайды, орын алған құқық бұзушылықтар мен қоғамдық тәртіпті сақтау туралы баяндады. Оның айтуынша, коменданттық сағатты бұзғаны үшін 204 азамат әкімшілік жауапқа тартылды, оның 75-і қамауға алынды. Блок бекеттерде 14 962 автокөлік тексеріліп, нәтижесінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 9 азамат ұсталып, олардан 2 газ тапанша тәркіленген.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КОМЕНДАНТЫ/

Жалпы іс-шаралар нәтижесінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 77 адам бойынша қылмыстық іс қозғалып, абақтыға қамалды. Күдіктілерден шолақ мылтық, травматикалық тапанша, патрондар мен ұрланған телефондар тәркіленген. Жаппай тәртіпсіздік кезінде 50 тәртіп сақшысы түрлі жарақат алған, оның ішінде екеуіне оқ тиіп, ауыр жағдайда. 77 полиция көлігі зардап шеккен.

Ал, өрт сөндірушілер арасында дене жарақатын алғандар жоқ. Күнделікті 50-ден аса техника мен 900 жеке құрам қызметкері үш ауысымда күшейтілген күн тәртібінде жұмыс істеуде.

Қала әкімі бұған дейін ауруханада жатқан тәртіп сақшысының жағдайын сұрап барған болатын, бүгінде ол дәрігерлер бақылауында. Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының дер кезінде жасаған шұғыл шешімдері мен тапсырмалары арқасында қаланың жағдайы тұрақталғанын атап өтті. Қиын сәтте алдыңғы қатарда қызмет еткен барша жауынгерлерге, полицей, прокурорлар, Ұлттық Ұлан, әскерилер, ҰҚД, гвардия қызметкерлеріне, дәрігерлер мен сабырлық сақтаған қала тұрғындарына алғысын білдірді.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

 

АВТ. ПЕРИЗАТ.