Журналистерге арнайы сұхбат берген Токио Олимпиадасында топ жарған қос каратеші Дархан Асаділов пен Софья Берульцева өздері де екпе алғандарын мәлімдеді. Айтуларынша вакцинадан кейін қос спортшыда да ешқандай кері әсер болмаған. Сонымен қатар, спортшылар жаппай вакцинациялау жұмыстары әлемдік деңгейде де жоғары қарқынмен жүргізіліп жатқанын мысал етті. Қысқасы каратешілер қалыпты өмірге ертерек оралу үшін ерікті түрде екпе алған жөн дейді. Айтып өтейік, бүгінгі таңда қалада халықты ревакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дархан Асаділов - Токио Олимпиадасының жүлдегері

Софья Берульцева- Токио Олимпиадасының жүлдегері  

 

М. Айтжанов