Сол қауіптің алдын алу және ол су көздерін Түркістан мен Кентауды көгалдандыруға пайдалану мақсатында облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасымен тың жоба қолға алынғалы отыр. Жоба бойынша бұрынғы шахтаға түсетін ғимараттың ішіне 4 сусорғыш орнатылып, Кентаудағы саябақта орналасқан бетонды арыққа құю арқылы қала ішімен арықтарға су жүргізу көзделген. Жоба жүзеге асқан жағдайда Кентау көшелерінен де су ағып өтетін болады.  Нәтижесінде  Кентау  жасыл желегін сақтайды, әрі тұрғындарға жайлы орта қалыптасады. 

 

София Боциева  - Жобаның бас  инженері  «ТОО Береке»

  • (Аударма) Бастапқыда жобаның мақсаты Кентау қаласындағы су жүйсіің көлемін төмендету болатын. Қазіргі таңда білетініміз шахталарды су шайып, қалаға қауіп төндіріп тұр.  Осы мәселені шешу үшін «Глубокое» шахтасына  4 насос қойылады. Қондырғының әр қайсысы 200 куп суды сағатына  сорып алуға қауқарлы.      


Сонымен бірге артық суды «Қосқорған» су қоймасына жіберіп,  одан әрі толықтыра түсу жоспарланған. Кентаудағы «Мірғалымсай» кен орнында шахталық сутөкпе мен дренаждар салынады. Қондырғылар 115-130 метр тереңдікке дейін орнатылмақ.  Жобаның бірінші кезеңі сараптамашылардың оң бағасын алған. Жақында жүзеге асады деген жоспар бар. 
Өмірзақ Шөкеев бұл жобаның маңыздылығына тоқталып,  Кентау қаласының әкіміне және құрылысқа жауапты басшыларға  тапсырмалар берді.

 

Н.Әбдірашит