Бұл мектепте білім алатын 1500-ден астам оқушы екі ауысымда оқиды. Білім ошағында сабақтар икемді кестеге сәйкес ұйымдастырылады. Мектеп санитарлық талаптарға сай.Медициналық қорғаныс құралдарын пайдалану – бүгінгі күннің басты талабы екенін айтқан қала басшысы карантин талаптары сақталмаса қауіпті індеттің ода әрі өрши түсетінін айтты. Сонымен бірге штаттық режимде оқу процесін жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.Айта кетсек, қалада оқыту білім алушылар саны 600-ден  асатын бастауыш, негізгі және  жалпы орта білім беретін мектептерде оқыту бір ауысымда толымдылығы 50 пайыздан аспайтын оқушымен штаттық форматта жүргізіледі.

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУ ПРОЦЕСIНЕ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Инновациялық-технологиялық колледждiң алдағы оқу процесiне дайындығын бағамдады. Бүгінде 600 орынға арналған оқу орнында 85 оқытушы еңбек етуде.Бiлiм басқармасының мәлiметiнше, алдағы дүйсенбiден  бастап, қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждерде оқыту аралас форматта – практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, ал өндірістік практикалар -- икемді кесте бойынша штаттық режимде жүргізіледі.Мемлекет басшысы кадрлар даярлауда техникалық мамандықтарға басымдық беруді тапсырған болатын.Қала әкімі арнайы орта оқу орнының заманауи материалдық-техникалық базасымен танысып, мұнай-газ, химия өнеркәсібі зертханасы, электротехника, геология және геодезия, архитектура және құрылыс сынды  техникалық бағыттағы кабинеттерді аралап көрді.Колледж студенттерінiң түрлi кәсiби байқауларда жеткен жетicтiктерiмен  танысты.Шаhар басшысы карантиндік талаптарды сақтай отырып, оқу процесін ұтымды ұйымдастыру және болашақ техникалық кадрлардың біліктілігін заман талабына сай үнемi арттыруды тапсырды.

 

АВТ. ГҮЛМИРА.