Қазір Түркістанда 33 мектеп бар. Мұнда 48 мыңнан астам оқушы білім алды.  Жұмабек Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейі жаратылыстану бағытында тереңдетіп оқытады.

Жаңыл Әзіретбергенова -Жұмабек Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейі

Бүгінгі таңда 1976 оқушымыз бітірді оқу жылын.80 сынып . Биылғы 2022 түлектеріміз 84 оқушы. Оның ішінде 5-і Алтынға үміткер. 7-і үздік аттестат. Ең алды көш бастап 134 бал жинап отыр. 100 балдан асқан 22 оқушымыз бар.

Алдын ала тестілеуде 134 бал жинаған Әйгерім Нұрлыбек. Ол  болашақта мемлекеттік қызметкер болуды қалайды. Өзі оқыған білім ордасының ұстаздарына алғыс білдіреді. Енді ҰБТ-дан сынақ тапсырып Алтын белгісін ақтаймын деген үмітте.

Әйгерім Нұрлыбек- бітіруші түлек

Таңдау пәнім география математика пәні. Болашақта менеджмент басқару саласында жұмыс істеуді көздеп отырмын. мектебіміз жоғары сапалы технологиялармен толық жабдықталған. Осының нәтижесінде біз мектепте химия, информатика, биология, физика пәндерін ағылшын ілінде өтеміз. Нтәижесінде ьіздің ағылшын деңгейіміз өте жоғары. АЭЛТС халықаралық деңгейін тапсырғанбыз. Болашақта Назарбаев және шетелдік универлерге құжат тапсырғанмын. Олардың жаубын күтіп жүрмін.

Салтанатты жиында қала әкімі мектеп бітірушілерге сәттілік тіледі. Биік белестерді бағындыру жолында аянбай еңбек ету керек екенін айтты. Ал, ақсақалдар Жаңа Қазақстанды құратын осы мектеп  түлектері,-дейді. Сондықтан алар асуды тек біліммен алыңыздар деп батасын берді.

Нұрбол Тұрашбеков- Түркістан қаласының әкімі

Қаламызда 48513 оқушы білім алған болса , соның ішінде мектеп бітіріп отырғаны 2292.Біздің түлектерімізді құттықтағым келеді. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға деп білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызды да, ұстаз деген ұлы ұығым, өз уақытын аямайтын, өзгелердің уақытын аялайтын , деп оларды оқу жылының сәтті аяқталуына, келер жылға демалысын жақсы өткізіп келуіне тілектеспін.

Жарқынбек Құлбайымбетов- Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Қазақстанның дамуына үлес қосатын сіздерсіздер. Сол жағына қаланатын мықты кірпіш болып мектепті бітірдіңіздер, енді соған жетулеріңізге тілектеспіз. Сіздердің алдарыңызда үлкен-үлкен тірліктер бар. Сол қиындықтарды жеңіп, Соның ішіндеосы Түркістанның ішінде №23 мектепті бітірген балдар , мектепке сөз келтірмейТүркістан қаласына сөз келтірмей,   Тәрбиелі білімді ұл-қыздар болып өскеніңізге біз тілектеспіз. сіздерге тек қана ақ жол!

Осы кеште түлектер мектепке кітап сыйлады. Қоштасу әнін айтты. Өздерінің есейгенін енді сезіндік ,-дейді. 

Бағдәулет Хамит  - бітіруші түлек

Біз бұрын осы мектепті бітіргіміз келген. Енді қимаймыз. бірақ амал жоқ. Енді тек қана алдыға жылжимыз. Елдің дамуына үлес қосамыз.

Соңғы қоңырау соғылғаннан кейін , бұл тілектер үлкен жолға аттанады. Ол өмірдің  жарқын , жас түлектердің мақсаты айқын жолы.