«Ұлттық өнердің шебері»Ауылдастары Динараны еркелетіп осылай атайды екен.Өйткені ол жастайынан тоқымаға бейім болып өсіпті.Кейін енесінен де көп нәрсені үйренген.Енді сол қос анасынан алғанын жастарға дәріптеп жүр.Алтын құрсақты ана алдын ісін қолдан құрақ құрап,ыдыс-аяқ сатумен бастаған екен.Кейін мемлекеттен гран ұтып алып көрпе көктейтін құрылғы сатып алған.

 « Келес текстиль» өз өнімдерін осындай атаумен шығарып жатқан шағын кәсіпорнында ауылдың 7-8 қыз-келіншегі жұмыс істейді. Бірі  көрпе қаптаса енді бірі мақтасын салып жатыр. Ұлттық ою өрнектер мен түрлі кестелерді арнайы құрылғы тігеді. Көрпеге ою салатын станокты жары Бексұлтанның бауырлары мен абысындары бірігіп ісің оң болсын деген ниетпен сатып әперіпті. Қазір соның арқасында тігіншілердің жұмысы жеңілдеген.

Құрақ көрпе тігу асқан шеберлікті қажет етеді. Әжелеріміз ұрпағымыз өсіп-өнсін, өмірі құралып бір бүтін болсын деген ырыммен тігетін. Сондықтан бұл үрдісті үзіп алмай жалғастыру керек,дейді тігінші. Бұрын әрбір оюды қолмен тігіп шығатын. Қазір заман талабына сай олардың барлығы дайын күйінде келеді. Оның өзін ебін тауып ысырапсыз пайдаланып жатыр. Динараның ендігі арманы ою өрнектерді жасайтын құрылғы алып кәсібін кеңейту.

Мемлекет қолдауының арқасында ісін өрге домалатып отырған келіншек  7 ұл-қыз тәрбиелеп отырған алтын құрсақты ана.Жұмыс деп бала тәрбиесінен де қол үзіп кеткен емес. Ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық өнерді бәрінен де жоғары қояды.  Жары Бексұлтан да істің көзін біледі. Болашақта екеулеп  мақтаны түтуден бастап барлық қажетті заттарды өздері шығарып, тұтастай кешенді өндіріске айналуды көздеп отыр.Қазірдің өзінде алтын құрсақты ана тігіп жатқан ұлттық нақыштағы бұйымдар  ел мақтанышына айналып үлгеріпті. Болашақ Түркістанның бренді болары сөзсіз.