Шымкентте жедел медициналық жәрдем бригадаларының спартакиадасы өтіп жатыр. Байқауға еліміздің 18 аймағынан үміткерлер қатысуда. Айтулы шара жыл сайын өтеді. Осы арқылы ұлт саулығына қызмет етіп жүрген ақ халаттылардың біліктілігін арттыру көзделген. Жарысқа қатысушылар әуелі мегаполистегі симмуляциялық орталықта болып, жаңартылған 103 қызметінің жұмысымен танысты. Спартакиада «Алма тау» демалыс аймағында жалғасты. 

Еліміздің әр аймағынан келген медицина қызметкерлері алдымен, қаладағы жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының колл орталығында болды. Мұндағы қызмет оларды таң тамаша етті. Өйткені, орталық халықаралық стандарттарға сай жабдықталған. 103 қызметі елдегі үздік мекеменің бірі. Мұнда тіпті, симмуляциялық орталық бар. Онда жас мамандарды сапалы жедел медициналық қызмет көрсетуге дайындайды. Тәжірибе жүзінде үйретеді. 
Мұнан соң үкілеп үміт арқалаған үміткерлер «Алма тау» демалыс аймағына қарай асықты. Онда жарысқа қатысушылар 4 бағыт бойынша сынға түсті. Олар мыналар: 
Айту керек, бәсі басым байқауға төрелік етуге Италияның білікті мамандары келді. Одан бөлек халықаралық тәжірибеде кәсіби шеберлігі мойындалған 4 тәуелсіз сарапшы бар. Олар негзінен Анестезолог, Генеколог және балалар реанимациясының білікті дәрігерлері. 
Жүзу әуітінде жатқан бала-6 жаста. Ата-анасы бір сәтке ғана көзден таса қылып еді, суға түсіп, тұншықты. Арада сүт пісірім уақыт өтті. Жедел жәрдем жетіп келді. Бірақ, баланың жағдайы ауыр. Жүрек-өкпе реанимациясы станциясынының сценариі осылай өрбіді. Ақ халаттылардың әрекеті шынайы өмірдегідей. Тіпті,  актерлардың иммитациясы да сырттан бақылаған адамды бірден сендіреді. 
Ал, атыраулық жедел-жәрдем бригадасы өздеріне жүктелген міндетті толық орындап шықты. Балаға жасанды өкпе желдетуі арқылы қайта жан бітірді. Жарысқа арқадан ат терлетіп келген дәрігерлер тыңығылықты дайындықпен келіпті. 
Осылайша, әртүрлі жағжағдайға тап болған азаматтарға алғашы сәтте көмек көрсетуге асығатын дәрігерлер білімдерін шыңдады. Біліктілігін іс жүзінде дәелдеді. Бір өкініштісі, жарысқа Өзбекстан мен Қырғызстан дәрігерлері де қатысуы керек еді. Әлемдегі геосаяси ахуалға байланысты олар байқауға келе алмады. Спартакиадада оза шауып, олжа салғандар арнайы кубоктармен марапатталмақ.