Шымкентте шәкірттердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, оқытатын оқу ұясы бар. Ол №135 жалпы орта мектебі. Білім ордасы 2020 жылдың 1-қазанында пайдалануға берілген. Айналасы екі жылдың ішінде алтын ұя заман көшінен қалмай, талай биіктерді бағындырдырыпты.
Сыйымдылығы 1200 орындық бұл мектеп – бүгінгінің талабына толықтай сай безендірілген. Ұлттық нақыш. Ұлттық тәрбие мен ұлттық салт-сананың . Мектептің әр бұрышында оқушыны өнер-білімге баулитын үйірмелердің көрмесі қойылған. Олар ұстаз бен шәкірттің бірлесе атқарған жұмысының жемісі.
Оқу ұясында 2000 бала 2 ауысымда оқиды. Білім ордасына биыл бірінші сыныпқа 223 оқушы қабылданыпты. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат тұтқан мектеп ұжымында республикалық жобалар жүзеге асып жатыр. Даналық пәлсапа дерсің. Қазақтың құнды жәдігерлері оқушыны сапалы білім алуға жетелейді. Мұны мектептегі әрбір деталь, әрбір экспонат, қала берді әрбір әрекетке қарап ұғынасың.
Оқушылар мен ұстаздар мектепте түгел ұлттық киім киеді. Қыз баласына қысқа белдемше мен қылтиған жейде киюге тыйым салынған. Бұл мектеп басшылығының қатаң назарында. 20 тегін үйірме бар. Баланы жан-жақты дамытуға бағытталған жұмыстың нәтижесінде шәкірттер талай додаларда топ жарып жүр.
Ерекше оқытуды қажет ететін балалармен жұмысты күшейту – мемлекет басшысының тапсырмасы. Бұл ретте инкюзивті білім беру дағдысы күн тәртібінен түспейді. Қазір көп жасөскін Р, Ш, З, С әріптерін дұрыс дыбыстай алмайды. Бұл баланың еркелігінен дейді мамандар. Оқушылардың телефонға тәуелді болуы да жығылғанға жұдырық болып тұр. Бұл әсіресе, көз жанарына зиян.
Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген,ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін іс. Халық даналығында: «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады» деген сөз бар. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шын мәніндегі Адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін еңбекті қажет ететін ұқтырады. Ал, бұл мектеп – шын мәнінде ұлтжанды ұрпақ тәрбиелейтін ұстахана секілді.