Мақтааралда бір үйір жылқыны жайылымнан айдап кеткен барымташылардың құрықталды. Полиция бөліміне жергілікті тұрғын 13 бас жылқысының ұшты-күйлі жоғалып кеткенін айтады. Қолды болған қамбар ата түлігін тез арада табу үшін аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі полицейлерінен бірнеше мобильдік топ құрылды. Олар ауылдың шығар жерлерін тексеріп, жылқылар жайылатын аймаққа қарай бірден бағыт алып іздестіруді бастап кетеді.


Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан сұрақ-жауаптар алады, сонымен қатар мал базарлар мен мал тасымалдайтын көліктер тыңғылықты тексерілді. Нәтижесінде, білікті полицейлер жылқыларды  30 шақырым жердегі көрші ауылдың  жазық даласынан  тауып, ауылға жеткізді. Осылайша жоғалған 1 үйір бас жылқы иесіне тапсырылды. Жылқылар жоғалған сәттен бастап жедел әрекет етіп, ұры-қарының қолына түспеуіне септігі тиген полицейлерге  тұрғынның  айтар алғысы шексіз. «Тәртіп сақшылары жылқыларымды күн-түнге қарамастан іздестіріп, тауып берді. Тәжірибелі полицейлердің арқасында жылқыларым дін аман табылып отыр. Алғысым шексіз. Рахмет сіздерге...» -деді мал иесі сақшыларға ризашылығын жеткізіп.
 «ГРАНТҚА ОҚУҒА ТҮСІРІП БЕРЕМІН» ДЕП АЛДАҒАН
Ал, Түркістанда «Оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп» тұрғынды алдаған келіншек анықталды. Алаяқтың құрбаны жергілікті тұрғын. Оған танысы 2021 жылдың ақпан айында "оқу орнына грантқа түсіріп беремін" деп сеніміне кіріп, 1 500 000 теңгесін алған.
Тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз әйел, Кентау  қаласының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, сезікті әйел алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.