Күн суытқалы көше кезетіндер саны азаяды. Тұрағы жоқ жандар әлеуметтік бейімдеу орталығын паналайды. Болмаса құқық қорғау қызметкері қаңғыбастарды көшеден ұстап өздері жеткізеді. Шымкент пен Түркістан облсын қосқанда бір ғана бейімдеу орталығы бар. Ондағы орын саны жеткілікті ме?


Әбдіғаппар Ташенов әлеуметтік бейімдеу орталығын паналап отырғанына  екі жылға жуықтапты. Кезінде білдей ұстаз болған азамат 27 жыл бойы мектепте бала тәрбиелеген. Ащы судың ақырынан кеткен бұрынғы ұстаз баспанасынан, тіпті отбасынан да ажыраған.
Әлеуметтік бейімдеу орталығы 2000 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Орталық мамандары олардың басындағы мәселесін шешіп, құжаты жоқтарды құжаттандыруға жәрдем береді. Жыл басынан бері 50 жуық азамат жеке басын куәлендыратын төлқұжатын алған. Сондай-ақ мұнда медицина мамандары күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Көше кезгендер орталықты қыстың күні паналайды. Мұнда  өздері келеді, немесе полиция қызметкерлері жеткізеді. Ел арасында БОМЖ атанғандардан бөлек қайыршылар тағы бар. Олар күнделікті нәпақасын алақан жайып табуды әдетке айналдырған. Ал бейімдеу орталығының мамандары рейд жүргізіп үйсіздерді орталыққа жеткізіп отырады.
Жалпы әлеуметтік бейімдей орталығына биыл 235 миллион теңге қаржы бөлінген.  Айта өтейік, бейімдеу орталығындаға азаматтардың басымы егде жастағылар. Жыл басынан бері тұрағы жоқ 315 азамат қабылдауға өтінім білдірген. Мұндағы паналаушылардың 95-і ер, 57 әйел азаматтар.