Өткен жылы шымкенттік шаруалар  46 млрд теңгенің өнімін өндірген. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі   2021 жылмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге  артып отыр. Жеткен жеттістіктер мен алдағы жоспарды Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының  басшысы Әбунасыр  Жанбатыров  баспасөз брифингінде баяндады.


Ауыл шаруашылығы саласында ауыз толтырып айтар жаңалық көп.  2022 жылы тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 15,3 млрд тг инвестиция тартылып, жоспар 3,7 млрд тг артық орындалған.  Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 148,3 млн. АҚШ долларын құрап,  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,5 млн. АҚШ долларына артыпты.
Мегаполистегі  30,0 мың га егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары  егілген. Ауа райы қарасып 94,3 мың тонна өнім жиналды. Оның                20,1 мың тоннасы дәнді дақыл, 3,2 мың тонна майлы дақыл, 48,2 мың тоннасы көкөніс, бақша, 4,4 мың тонна картоп дақылдары мен                  18,3 мың тоннасы мал азықтық дақылдар жиналды.Мал шаруашылығы саласы бойынша да өсім байқалып, 2022 жылы 8,9 мың тонна ет, 51,4 мың тонна сүт және 142,0 млн дана жұмыртқа өндірілген.
Шымкенттік шаруалар биылғы жылданда береке күтіп отыр. Ағымдағы жылы агроөнеркәсіп кешенінің экспортын-331,8 млн АҚШ долларына, қайта өңделген экспорт көлемінің үлесін 80% және ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемін 15,4 млрд. тг жету жоспарлануда.