Елімізде интернет алаяқтық көбейіп жатыр. Оңай жолмен ақша табуды көздеген  алаяқтар  халықтың сенгіштігін өз пайдасына жаратады. Кейінгі 5 жылдық статистикаға сүйенсек қылмыс саны  төмендеген, алайда, алаяқтық факт  саны өсіп барады. Жылдық есеп бойынша антирейтингте Алматыдан кейін Шымкент көш бастап тұр.


Халықтың оңай жолмен ақша табуға құмарлығы артып барады. Алаяқтықтардың орын алу  себептері - қаржылық пирамидалар, өз мәсәлесін шешу үшін делдалдарға жүгіну, табыс табуға арналған ойындар мен қосымшалар, тағысын тағы. Республика көлемінде жалпы 37 286 алаяқтық тіркелсе, оның тең жартысы интернет алаяқтықтар. Шымкентте былтыр 3 жарым мыңнан аса алаяқтық әрекеті тіркелген. Оның 27% интернет алаяқтық. Қолыңыздағы смартфон сияқты өзге де техникалық құрылғылар арқылы сан соқтырып кету әрекеті Абай мен Қаратау ауданындарында көп кездескен. Дәл осындай жағдаяттардың алдын алу бойынша құзырлы орган қызметкерлері пилоттық жобаны іске асырмақ.

Аталмыш жоба аясында мектеп қабырғасындағы оқушыларға Эстония мен Финляндия мемлекеттерінің үлгілеріне ұқсатып, оқушыларды қаржылық сауаттылыққа үйрету жоспарланып жатыр. Мамандардың ұсынысы бойынша «OLX» «Market» «Krisha» «kolesa» және т.б плотформаларына тіркелі тәртібін өзгертіп, адамның телефон нөмірін ғана емес, жеке төлқұжат мәліметтеі мен тұрғын жайын сұратып, «FaceID» верификациясын талап ету керек.