Көктемде су астында қалмаймыз ба? Бұл, ақ ұлпаның көптеп түскеніне алаңдаулы халықтың көкейіндегі сұрақ. Тұрғындардың уайымын сейілтейін деді ма? Әйтеуір төтеншелік мамандар су тасқынын алдын алу мақсатында дайындық жұмыстарын бастап кетті. 


Шымкент қаласының аумағында  4 су қоймасы болса ондағы толымдылық 65 пайыз екен.  Алаңдауға негіз жоқ деген жауаптылар қауіпті аймақтарды тікұшақпен тінтіп шықты.
Төтеншеліктер 2022 жылы су тасқыны қаупі бар учаскелерде үш рет  аэровизуалды тексеру жұмысын жүргізген. Сондай-ақ су қоймаларындағы ахуалға мониторинг жасап, өзен-каналдардың қауіпті аймақтарында қоқыстарды шығару жұмысы ұйымдастырылды.
Су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды жою үшін азаматтық қорғау қызметінің 673 адамы, әртүрлі мақсаттағы техниканың 81 бірлігі, 4 қайық, 57 дана мотопомпа, 18 мың текше метр құм, 40 мың дана қап дайындыққа келтірілді.
Айта өтейік, бүінде Бадам өзенінің жағалай орналасқан 225 үй анықталған. Өзеннің қорғалған аумағы 14 шақырымды құраса, қорғалмаған учаскесі 22 шақырым. Онда 97 адам тұратын 21 нысан орналасқан.