Түркістан облысында туберкулезге шалдыққандардың қатары жылдан-жылға азайып келеді. ¬Өткен жылы аурушаңдық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 26,5 пайызға төмендесе, жасөспірімдердің арасында 11,3 пайызға кеміген. Ал, өкпе құрт ауруынан көз жұмғандардың қатары 25,0 пайызға азайғаны байқалады. 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аясында халық арасында созылмалы дерт жайында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан түркістандық мамандар, ауырып ем іздегеннен ауырмаудың жолын іздеген әлде қайда тиімді екендігін айтады.
Соңғы уақыттарда туберкулезбен ауырған науқастардың арасында емдеу тиімділігі жақсарғандығы байқалады. Осы орайда, дәріге деген сезімталдық 89,1 пайызды құраса, тұрақты ем тиімділігі 88,7 пайызға жеткен. Бұл ретте, науқастарға ай сайын әлеуметтік қаржылай көмек көрсетіліп отырады.
Түркістан облысы бойынша өкпе құрт ауруына шалдыққандардың қатары жылдан-жылға азайып келеді. Былтырғы жылы аурушаңдық көрсеткіші 26,5 пайызға төмендеген. Ал, жас жеткіншектердің арасында 11,3 пайызға кемігендігі байқалады. Соңғы жылдары созылмалы дерттен көз жұмғандардың саны 25,0 пайызды құрауда. Өкінішке орай, жүкті әйелдердің арасында жұқпалы дертке шалдыққандар көбейген көбейген.
Өткен жылды қорытындылаған жиын барысында халық арасында түсіндіру жұмыстарының кеңінен қолға алынғаны жайлы айтылды. Егер де туберкулез дерті дер кезінде анықталса, құлан таза айығып кету мүмкіндігі бар, дейді дәрігерлер. Осы орайда, баланың БЦЖ екпесі мен манту сынамасын қабылдаулары өте маңызды. Ақ халаттылар қауіптің алдын алуда ата-аналардың түсіністік танытуларын сұранады.
Бүгінгі таңда орталықтың бактерологиялық зертханасы туберкулезді ерте анықтау сапасын жақсарту мақсатында жаңа заманауи генді-молекулярлы аппараттармен толыққан. Сондай-ақ, мұндағы төсек орын саны да жеткілікті. Өткен жылы қосымша 2 бөлімше іске қосылып, өкпесінде созылмалы аурулары бар науқастарды емдеуге және емделіп шыққан жандардың қайта ауырып қалуының алдын-алу мақсатында жұмыс жасауда. Егер де туберкулезге шалдыққан бір адам өз кезегінде ем-дом қабылдамаса бір жылдың ішінде 15 адамға дейін ауруды жұқтырады. Ал, аурудың алдын алу үшін жәй ғана жеке бас тазалығын сақтап, белгіленген екпені уақтысында алып, дәрумендерді көбірек қабылдаған жөн, дейді мамандар. Жұқпалы кеселдің бастапқы сатысында анықтау үшін медициналық көмек көрсететін мемекелердің қызметкерлеріне өткен жылы семинар-тренингтер ұйымдастырылып, 763 дәрігер мен 2888 медбике оқытылыпты.