15 - наурыз – дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күні. 2020 жылдың 25 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заң¬намалық актілеріне тұтыну-шылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Аталған заңмен 7 құқықтық актіге, оның ішінде 3 кодекс және 4 заңға өзгерістер енгізілді. Заң түзетулерінің топтамасы БҰҰ-ның 2015 жылғы 22 желтоқсандағы тұты¬ну¬шы¬лар мүдделерін қор¬¬ғау мәсе¬лелері бойынша мыз¬ғымас қағи¬даттары негі¬зінде қалып¬тасты. Ал биылдан бастап Шымкент қалалық сауда департаменті мен тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті біріктірілді.


Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық ұйымдарымен, кәсіпорындармен, «Атамекен» ҰКП-мен жәнеде қаламыздың белсенді азаматтарымен үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жаңа заңға енгізілетін өзгерістер бірге талқыланып жатыр. 2022 жылы Департамент тарапынан 16 ірі, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР ӘҚБтК 190-бабының 5,6-тармағы және 193 бабының 1 тармағына сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Атап айтқанда, автосалондар, әуе компаниямы, акционерлік қоғамдарға ескерту беріліп, айыппұл салынған.  2022 жылы Департаментте 2150 қаралған, тұтынушыларға 80 миллионға жуық қаржы қайтарылған. Егер құқығыңыз тапталып жатса,  «Тұтынушылардың құ-қықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес, бірінші сатыда мәселені тікелей сатушымен шешуді есте сақтауы керек. Жүйеге тіркелген сатушы түскен өтініш туралы хабарлама алады, оны қарастырып, мәселені шешуге тырысады. Тұтынушылық дау¬ды бірінші сатыда сыртқы тараптардың қатысуынсыз ті¬келей, сатушы мен тұтынушы арасында шешуге мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкерлер үшін де, тұтынушылар үшін де әлдеқайда тиімді. Сонымен қатар, тұтынушылар мен сатушылар үшін осы жүйені пайдалану кезінде дауды шешу уақытын үнемдейді. Заңда белгіленген 10 күн ішінде жауап болмаған жағдайда, өтініш тиісті мемлекеттік органға заңға сәйкес қарау және шаралар қабылдау үшін жолданады.