Шымкенттегі көпқабатты үйлер жер сілкінісіне шыдас бере ме? Бұл сұраққа қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов баспасөз өкілдеріне берген брифинг барысында мәлімдеді. Сондай-ақ, қазір шаһардағы құрылыс сапасын жақсарту бойынша біраз шаруа жасалып жатыр екен.


Қаладағы көпқабатты  тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейді. Оны жақсарту бойынша тапсырысшы мен мердігер мекеме арасындағы келісім шартты күшейту мақсатында қосымша талаптар енгізілді. Сонымен қатар, әр нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы санын 3 есеге арттыру, құрылыс барысын тәулік бойы (24 сағат) онлайн бақылау, құрылыс-монтаж кезеңінде терезе айналасына қосымша изоляциялық пленка жабыстыру көзделіп отыр. Ендігі салынатын үйлердің қасбеті фибробетоннан жасалады, түнгі жарықтандыру шамдарын болады екен.  Подъездің 1-қабатындағы интерьерді заманауи үлгіде сәнді әрлеу де жоспарда бар. Автоматты суару жүйесін орнату, қабарғаларды газоблок орнына күйдірілген кірпішпен қалау да мәселені шешетін көрінеді. Одан бөлек құрылыс саласында өзгерістер көп. Ал, сейсмикалық тұрғын үйлерге келсек, жалпы қалада 1991-2022 жж аралығында шамаммен 1900 тұрғын үй (7,7 млн. ш.м.) салынған. Сейсмикалық тұрақтылығы - 7 балл. Ал, 2018-2022 жж аралығында шамамен 458 тұрғын үй салынған. Сейсмикалық тұрақтылығы 7-8 балл.
2023 жылдың қорытындысымен 72 тұрғын үйден 230 мың шаршы метрден асатын 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді оның ішінде кредиттік-38, арендалық-29 пайдалануға беру көзделіп отыр. Бұдан бөлек, жыл қорытындысымен жұмыс жасайтын жастарға арналған 900 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланған.