Түркістан өңірі елімізді ауылшаруашылық өнімімен қамтып отрыған ірі аграрлы аймақ. Мақтаның 100, жүзімнің 74 пайызы, бақша өнімдері мен жеміс-жидек, мақсары мен еттің де басым бөлігі осы өңірде өндіріледі. Өңір халқының миллионға жуығы да осы ауылшаруашылығы есебінен күнелтіп жүр. Облыс әкімі Дархан сатыбалды ауылшаруашылығы бағытын дамыту мақсатында ірі жобалар қолға алынатынын айтты. Сондықтан бұл форумның маңызы айрықша, салмағы басым.   
Форумда Түркістан облысы әкімдігі мен отандық және шетелдік инвесторлармен агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 257 млрд. теңгені құрайтын 10 келісім меморандумына қол қойылды.
Форум барысында келіссөздер мен тәжірибе алмасу жиындары өтіп, кәсіпкерлердің идеялары тыңдалды. Агросала табысын арттыру жолдары талқыланды.
Облыстың аграрлық секторында 74 мың агроқұрылым жұмыс істеп жатыр. Өңірдің 1 миллионға жуық ауыл тұрғынының экономикалық әлеуеті ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Соңғы 5 жылда жалпы өнім көлемі 2 есеге дейін ұлғайып, 1 трлн. теңгеден асты. Ал, қайта өңдеу саласында 2023-2027 жылдары 329 млрд. теңгеге 110 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.  
Түркістан облысында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 336 млрд. теңгеге жеке инвестициялар тартылды. Жалпы, республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз етуде облыс алдынғы қатарда. Облыста барлығы 875 мың гектар егіс алқабы бар, қазіргі уақытта оның 98 пайызы пайдаланылып жатыр.