Мемлекеттен қандай көмек болмасын, оны алуға тырысатындардың қатары көбейіп барады. Жәрдемақыны былай қойғанда, он екі мүшесі сап-сау бола тұра, өзін мүгедек көрсетіп зейнетақыға жармасатындарға не дерсіз? Осы орайда, масылдық мәселесімен қоғам болып күресуіміз керек деген, білім саласының белсенділері олардың екі топқа бөлінетінін айтады.


Психологияда масыл адамдар екі топқа бөлініп қарастырылады. Оның бірі нәрестелік стилде болса, екіншісі париналистік. Үнемі айналасынан пайда көруді ойлап жүретін мұндай жандар,  тіпті өз отбасын орға итеріп жіберуден де тайынбайды. Олар тегін дүние үшін ажырасуды тіпті де әбестік санамайды.
Қоғам дертімен күресті, тал бесіктен бастау керек, дейді білім саласының майталмандары. Осы орайда, отбасындағы тәрбиенің орны бөлек. Бертін келе балабақша қалыптастырған ұғымды, орта мектеп жалғап, жоғарғы оқу орны қолдап жатса құба-құп болары сөзсіз. Өресі биік адамға жаман қасиет қона қоюы екіталай.
Тілемсектене беру, сұраншақ болу – патерналистік көрініс. Оның артында масылдық, жалқаулық, еріншектік тұратыны сөзсіз. Табысқа жетелейтін жалғыз жол – оқу мен еңбек. Алдыға мақсат қойып, еңбек еткен адам ешқандай ұтыссыз-ақ, жетістікке жететіні анық.