.«Еркін сөйле».Бұл сайрамдық логопед Мафтуна Абдрахманованың ерекше жобасы. Дефектолог маман не бәрі бір жыл үш айдың ішінде тілінде сөйлеу кемістігі бар екі жарым мыңға жуық  балаға қызмет көрсеткен. Нәтижесінде 200 бүлдіршіннің тілі шығып, таза сөйлеп кеткен.

Мафтунаны сайрамдықтар еркелетіп тілашар апай деп атайды. Өйткені жас маман сөйлей алмайтын бүлдіршіндермен жұмыс істейді. Тіпті инсульт алып қалған науқастарға да қол ұшын созады екен. Ол алғашында жұмысын Алматыда бастапты. Туған жерге деген сүйіспеншілігі өзі туып өскен ауылға жетелеп келіпті.Былтыр бір бөлмеде жұмыс бастаған. Мемлекет қолдауының арқасында қайтарымсыз грантқа қол жеткізіпті.Қазір Сайрамның орталығынан зәулім  ғимаратты жалға алып, жұмыс істеп жатыр Бұл салаға келуіме сөйлеу тілінде кемістігі бар бала санының көптігі мен отбасымдағы дәл осындай жағдай түрткі болды,дейді логопед.-дефектолог.

Мафтуна Абдрахманова, Логопед-дефектолог

- Алғашында бір өзім ғана жұмыс жасадым. Күніне индивидульно қабылдағанның өзінде 15-20 болды. Бұл өте көп деп айтылады бір күнде 40 минуттық сабақта. Сосын дефикталогиялық мамандығы бар специалистерді дайындай бастадым. Қазіргі таңда балаларды оқыту және ата-аналарды мамандарды оқыту бойынша қызмет көрсетеміз еркін сөйлеу орталығы. Қазір менің мамандарым тәжірибе алмасу үшін көп оқып жүр. Айына 100-120 балаға қызмет көрсетеміз.

Жалпы жұмыс жасай бастаған бес жылында 5 мыңға жуық адамға көмек қолын созған. Дені жас балалар. Оның басты себебі тұрмыстық жағдай мен әйелдердің жүктілік кезінде іштегі балаға мән бермеуі.Босану кезіндегі қиындық балаға, әсіресе тіліне көп әсер етеді,дейді маман. Ол күніне 15-20 баланы қабылдап олармен тіл үйрену сабағын жүргізеді. Логопед маманына келушілер көп. Соның бірі Халида Тажибекова.Әжей немересін алып келіпті.
Халида Тажибекова, Сайрам ауданының тұрғыны

- Ашылғанда өзім келіп қыздармен танысып төбеге шығып тексеріп көріп сөйтіп бергенбіз. Балам сөйлейді бірақ анық емес жақсы болсын деп бергеміз. жақсы нәтиже бар. Көріп жатырмыз үйге де тапсырма береді. Мен өзім көріп тексеріп тұрам.Садикке барып жүр еді немерем көп ауыра берген соң осында бірдім Осы жерге келгелі еш ауырмайды бірақ ұмтылып тұрады.

Кәсіпкерлікті қолдау ұлттық жобасы аясында сайрам ауданында 2022 жылы 224 азамат мемлкет тарапынан «Бастау бизнес» аясында қайтарымсыз грант иегері атанған. 2023 жылы 110 грант бөлінген 54 азамат комиссияның оң шешімін алыпты. Қалғандары қыркүйекте жобаларын қорғамақ. Жалпы үш жылда мыңға жуық жоба қолдау тапқан.

Абзал Қазанқапов, ТО Жұмыспен қамту басқармасы еңбек мобильді орталығының сайрам аудандық мансап орталығы филиалының директоры

- Сайрам ауданы өздеріңізге белгілі халқы тығыз орналасқан. Бүгінгі таңда қайтарымсыз гртан әлеуметтік желіде өте танымал. Азамат қызығушылығы негізінде 30 орынға 600 адам үміткер. 30 адам түссе біреуі ғана ұтып жатыр. халық арасында қызығушылық жоғары. Бәсекелестіктің арқасында осындай мықты жобаларды комиссия қолдап, азаматтар өз жұмысының жемісін көріп жатыр.

Сайрам ауданы ауыл шаруашылық саласында өте белсенді.Оның ішінде мал шаруашылығымен танылған аудан.Сондықтан комиссия Грант қаржысын бөлерде қоғамға пайдасы бар массаж, кулинария, әсемдік салоны сияқты ерекше жобаларға көбірек басымдық беріп отыр екен.