Үлкен Дуадақ құсы дүние жүзінде жойылып кету алдында тұр. Қызыл кітапқа енген құс қазір қазақстанда ғана қалған. Оның ішінде оңтүстік өңірінде кездеседі екен. Ендігі жерде барды сақтап қалу басты міндет,дейді қорықшылар.Табиғат сақшылары күзгі аңшылық маусымы ашылғаннан кейін саяткерлерді қатау бақылауға аламыз деп отыр. Яғни, атылған әрбір аң мен құстың есебі алынады,дейді Түркістан облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамдық бірлестігіндегілер.
Қорықшылар Сауысқан мен Қара қарғаның шамадан тыс көбейіп кеткенін айтып дабыл қағып отыр.Өйткені екеуі де өзге құстардың жұмыртқасын ұрлап ,өсуіне кері әсерін тигізеді екен. Әсіресе қара қарға дала құсы Дуадақтың қас жауы, дейді табиғат сақшылары. Құзғын тұқым басып жатқан дуадақты шұқып, үркітіп, жұмыртқасын ұрлап кетеді екен. Ал, Шибөрі бөлек әңгіме,дейді мамандар. Күні кеше шетелден арнайы ғалымдар келіп әлемде жойылып кету алдында тұрған Үлкен Дуадақтарды қорғап қалу мәселесі қаралыпты. Өйткені құстың бұл түрі қазақстан аумағында оның ішінде Түркістан облысында ғана мекендейді екен.
Оңтүстік өңірінде құралайды көзге атқан мергендер Тамыздың 20 нен бастап күзгі саяткерлік құруға заңды түрде ұрықсат алды.Дегенмен биыл әуесқой аңшыларға қойылатын талап та жоғары болмақ.Арнайы мобилді топ саяткерлік барысын қатаң бақылауға алмақ. Яғни, атылған әрбір аң мен құстың есебі алынады. Айта кетейік егер жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын бұзған жағдайда, айыппұл арқалайсыз не қаруыңыз тәркіленіп екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айырылуыңыз мүмкін.Оған қоса қызыл кітапқа енген аң-құстарды қорғауға да ерекше мән беріліп отыр екен.
Ел аумағында көктем мен күзде аң-құстарға арнайы санақ жүргізіледі. Жыл өткен сайын жабайы тұяқтылар мен қанатты құстардың табиғи жолмен өсу көрсеткіші жақсарғаны көңіл қуантады. Бұның барлығы қорықшылардың қырағылығының арқасы болса керек.Ал,табиғат тазалығын сақтау да басты міндет,дейді Түркістан облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамдық бірлестігіндегілер.